Сондай-ақ, Жамбыл ауданында – 8, Талғар ауданында – 6, Іле және Панфилов аудандарында 4 жағдайдан, Қарасай ауданы мен Текелі қласында 3 жағдайдан, Көксу, Сарқан аудандарында 2 жағдайдан, Балқаш, Қаратал және Ұйғыр аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Өңір «жасыл» аймақта.
Ауруханаларда 1 100 адам емделіп жатыр. Соның 40-ның жағдайы ауыр. 1 тәулікте 71 адам ауруханаларға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарлары 45,6 %-ға толған», - делінген Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, соңғы 3 күнде 6 646 адамның сынамасы ПТР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 11 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 226 723. Соның ішінде кеше екпе алғандар саны – 3 046. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 135 100. Соның ішінде кеше екпе алғандар саны – 1 830.