«Бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 187 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Олардың саны тағы өсуі мүмкін. Бұл тұрғындардың үйіне сайлау комиссиясының жылжымалы жәшігі жеткізіледі», - дейді Талдықорған қаласы бойынша сайлау комиссиясының хатшысы Маржан Мэлс.
Ресми өкілдің ақпаратына сәйкес, қазір Алматы облысының орталығында 58 сайлау учаскесі бар. Ал сайлаушылардың саны - 129 641 адам.
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекованың айтуынша, бүгінгі күні жалпы талдықорғандықтардың саны - 178 200.