Талдықорғанда 260 адамға лайықталған көрме кешені ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 260 адамға лайықталған көрме кешені ашылды. ШаҺардың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан көрме алаңының құны 1,2 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді 4,5 мың шаршы метр аумақта кәсіпорындар өз өнімдерін жұрт назарына ұсына алады. Ал екінші қабатта білікті мамандар кәсіпкерлерге әр түрлі қызметтер көрсетеді.

Демек, бұл нысан көрме павильоны мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы болады. Ал нысанның құрылысы 2016 жылы ақпан айында басталған болатын.

Айта кету керек, бүгін Талдықорғанда екі жаңа ғимарат  ел игілігіне берілді. Бірі көрме павильоны болса, екіншісі салтанат сарайы.