Аурухананың бас дәрігері Бауыржан Сауранбаевтың айтуынша, науқастардың жағдайы орташа қалыпты.
«Қызылшаның асқыну жағдайлары тіркелген жоқ. Клиникалық түрде қызылша деп қойылды. Анализдері толықтай тексерілгеннен кейін диагнозы нақтыланады. Дүрлігуге негіз жоқ. 100 орындық ауруханада орын бар», - деді Талдықорған өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.