Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұрлық өткен жылдың шілде айында болған. Жергілікті кәсіпорынның қоймасынан ішімдік заттары ұрланған. Баукеспелер 10 күн бойы бірнеше рет пластикалық терезені майыстыру арқылы ішке еніп, жоспарларын жүзеге асырған. Жапа шеккен арақ-шарап өнімдерінің иесі өзінің шығын көлемін 5 107991 теңгеге бағалап отыр. Қазіргі уақытта күдіктілердің біреуі ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.
Және де оның көмекшісінің жеке басы анықталып, қылмыскерді ұстауға бағытталған тиісті шара қабылдануда.