Аталған оқиғаны облыстық перинаталдық орталығы растады.
«Қазір бала балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қол-аяғы сынбаған. Денесі сырылған. Ең бастысы бала өздігімен демалып жатыр. Оған ешқандай аппарат қосылмаған. Алдын ала болжам бойынша, бала көліктің алдына өзі жүгіріп шыққан», -деп мәлім етті облыстық перинаталдық орталығы.
Жол көлік оқиғасы бүгін Талдықорған қаласындағы «Алтын Адам» мейрамханасы маңында болған. Баланы қаққан әйел жалғызбасты ана.