Талдықорғанда 7 субұрқақ іске қосылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының орталық алаңында жеті субұрқақ іске қосылды. Субұрқақтың бәрі де музыка ырғағымен билеп, түрлі-түсті жарықтармен безендірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісудың жеті өзенін өрнектеген  субұрқақтың ашылуына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты. Өңір басшысының айтуынша бұл нысандар орталық алаңның ажарын ашып қана қоймай, халықтың серуен құрып, жаздың аптап ыстығында тынығатын жерге айналмақ.

Субұрқақтардың сәулеттік безендірілуі де ерекше. Бірінде су аспанға атқыласа, енді бірінде дәліз іспеттес, доға түрінде ағады. Ашылу салтанатына келген тұрғындар мен қала қонақтары су дәлізінің астымен жүріп, балаша қуанды.

Субұрқақтардың салтанатты ашылуына қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары мен Алматы облыстық филармония әншілері келіп, Талдықорған төрін жырға бөледі. Мерекелік шара отшашуға ұласты.