Талдықорғанда Алау эстафетасы басталды

ДЫҚОРҒАН. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Талдықорғанда 7-7-Қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы басталды.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің стадионында Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов құттықтау сөз сөйледі, одан кейін 7-Қысқы Азия ойындарының эстафестасын өткізу жөніндегі үйлестіру орталығының жетекшісі Сәрсен Құранбек алауды облыс әкіміне табыстады.

Серік Үмбетов алаумен бірге 100 метр жүгіріп өтіп, оны өзінің орынбасары Аңсар Мұсахановқа берді. Стадионнан Жансүгіров көшесіне дейін алаугерлер қазақтың «Қара жорға» биін орындап келе жатқан мыңдаған бишінің қоршауында жүріп өтті.

Алматы облысының ерекшелігі, мұнда 103-тен астам ұлт өкілдері мекен етеді, сондықтан да эстафета халықтар достығы ұранымен өткізіліп, тәуелсіз Қазақстанның тағы бір жетістігі іспеттес болып отыр.

Эстафетаның бірінші сатысын Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров Орталық алаңда Алау тостағанын жағумен аяқтайды.Одан кейін мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады.