Талдықорғанда Алматы облыстық ҚХА-ның 23-ші сессиясы өтті

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 23-ші сессиясы өтті. 2017 жылдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған жиын «Бірлік және келісім рухани жаңғыру негізі» тақырыбы аясында өрбіді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу жерінде 105 ұлт өкілі береке-бірлікте өмір сүріп, 70-тен астам этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Биыл Ассамблея құрамындағы кеңестер мен ұйымдар Елбасы мақаласындағы «Туған жер», «100 жаңа есім» және «Қазақстанның киелі географиясы» сынды кіші бағдарламаларды үйлестіруге атсалысты. Өңірлерді аралап тың деректерді жинақтады. Ауылдарына  мектеп, балабақша салып, туған өлкелерін көркейтуге үлес қосуда.
 

«Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу» атты үлкен экспедиция ұйымдастырылып, Жетісу жерінің, киелі жерлерінің тізімі  жасалып, ол жерлер туралы аңыз әңгімелер жинақталды. Ол жөнінде алғашқы кітап жарық көреді деп жоспарлануда. Келесі жылдан бастап екінші кезеңінде мұны жалғастыратын боламыз», деді облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай.
 

Соңғы жаңалықтар