Салтанатты жағдайда ашылған Ардагерлер үйі әдемі, зәулім әрі екі қабатты. Оның ішінде бірнеше зал, ардагерлермен жұмыс істейтін тұлғаларға арналған кабинеттер, шахмат-дойбы клубы, бильярд бөлмесі, асүйі және медициналық бөлме орналасқан. Олардың барлығы қажетті жиһаздармен жабдықталған.
Ардагерлер үйінің салтанатты ашылуына облыс әкімі Аңсар Мұсаханов қатысты.