Облыстық прокуратураның ресми мәліметі бойынша, кеңестік үлгідегі жарылғыш заттар темір қалдықтары арасынан табылған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша яғни, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау дерегіне сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал бомбалардың барлығы толықтай жойылатын болады.
18:56, 22 Қараша 2017
Талдықорғанда арматура зауытынан 46 әуе бомбасы табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандағы арматура зауытынан 46 дана авиациялық оқу-жаттығу бомбалары табылды. Қазіргі таңда осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.