Бұл фактіні ҚР Қорғаныс министрілігі Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы Данияр Әлжанов растады.
«Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданында 36 жастағы әскери қызметшінің өлі денесі табылды. Жергілікті полиция жедел-тергеу тобын құрып, істің жай-жапсарын анықтауды бастап кетті», - деді Данияр Әлжанов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.
Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына көмек көрсетеді.