Б.Тұрысбеков қаланың жалпы білім беру мектептері үшін хоккей алаңдарын дайындау және құрастыру бойынша келісімшарттардың сомасын негізсіз арттырып, 2,7 млн теңгеден астам қаражатты қалтасына басқаны анықталды.
Қазір Тұрысбеков Б. Талдықорған қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.