Бұл жерде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті журналистика және филология кафедрасының студенттері тәжірбие жинақтайтын болады. Workshop кабинетінде жастарға республикалық және облыстық БАҚ өкілдері дәрістер оқып, өз тәжірбиелерімен бөліседі.
Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы қолға алған бұл жоба өңірдің медиакеңістігіне шыңдалған, білікті мамандар даярлауға септігін тигізбек. Өмірлік тәжірбиесі үлкен, кәсіби тұрғыда қалыптасқан аға буын өкілдері жас мамандарға бағыт бағдар беріп, олардың таңдаған мамандығының басқа да қыр-сырларын үйретуге әр кез дайын. Шеберханада алғашқылардың бірі болып, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Нүсіпбай Әбдірахым тәжірбиесімен бөлісті.