Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған баланы тонады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факті бойынша жасөспірім баланың анасы арыз жазды. Ол 17 жастағы ұлын ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстап, қалалық полицияға жеткізді. Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған ересек адам болып шықты. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізілуде»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.