Анықталғандай, аталған істе бас күдікті Дина Искаковадан өзге тағы 4 адамның қатысы бар екені анықталды. Күдіктілердің төртеуіне ҚР ҚК 190 бабының 4 бөлігі 2 тармағы және бір адамға ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлігі 1 тармағы бойынша айып тағылып отыр. Ендігі сот отырысы қаңтардың 24-і күніне белгіленді. Судья Анар Тоқтыбакиева қарап жатқан алаяқтық дерегі бойынша іс сағат 10:00 де өтеді.
Аталған іс бойынша 47 жәбірленуші шағымданған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дина Искакова жәбірленушілерге 200 млн теңгеден астам шығын келтірген. Күдікті тұрғындарды мемлекеттік бағдарламамен баспана алып беремін деп алдап соққан. Пәтерден де, ақшадан да айырылдық деп шырылдаған халық ІІД-не арыздарын жазып, жүгінген болатын.