«Жетісу жүйрігі» атты облыстық турнирдің бағдарламасына сәйкес, аламан бәйге 41 шақырым, топ бәйге 21, ал тай жарысы 5 шақырымға жалғасады.
Жүлдеге бірнеше автокөлік тігіледі. Мәселен, Аламан бәйгенің бас жүлдесін қанжығалаған жеңімпаз автокөлік мініп қайтады. Және тағы бес орынға арнайы жүлделер қойылады. Топ бәйгенің де бас жүлдесіне автокөлік, ал тай жарысының жеңімпазы мотоциклға ие болады.