Оқиға 19 қаңтарда облыстық перинаталдық орталықта болды.
«Пациент 15 күн бойы интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған. Жағдайы тұрақты болып, жақсарып келе жатқан. Бірақ босанғанда қан кетіп, күрделі ота жасауға тура келді. Сол ота барысында әйелдің жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Жасаған әрекеттер нәтиже бермеді. Өлім тромбоэмболияның қауіпті асқынуынан орын алуы мүмкін», - деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексерістер жүргізілуде.