11:25, 21 Сәуір 2009
Талдықорғанда екі вагон рельстен шығып кетті
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Талдықорғанда арпа тиелген екі вагон рельстен шығып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 20 адам мен үш теміржол техникасы жұмылдырылды.