Айта кетейік, әлеуметтік желіде Талдықорғанда көпқабатты үйдің ішіне кіріп, жертөлесіне қарай құйылған жаңбыр суының видеосы тарады.
«Талдықорған қаласы әкімдігінің жауабына сәйкес, Талдықорған қаласы Бірлік шағынауданы №17 үй 2021 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген. Мердігер - «ЖетысуЖилСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания өз қаражаты есебінен құрылыс жүргізген, мемлекет тарапынан қаржы бөлінбеген. Аталған үйдің 2 жылдық кепілдік мерзімі бар. Аула абаттандыру жұмыстарын «ЖетысуЖилСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражатымен жүргізген. Тұрғын үйдің күтіміне «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің жауабында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда «ЖетысуЖилСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.