Талдықорғанда екінші қабаттан құлаған бала жайлы тың деректер белгілі болды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда №19 мектеп-гимназияға қарасты шағын орталықтың екінші қабатынан құлаған баланың ата-анасы сол мектепте жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№19 мектеп-гимназиясының директоры Қайрат Сарқытовтың айтуынша, бала шағын орталыққа екі күн бұрын ғана қабылданған. Ал екі жасар қыздың әкесі - дене тәрбиесінің, ал анасы - бастауыш сынып мұғалімі.

«Шағын орталықтың ашылғанына он жыл болды. Тәрбиешінің де бұл жерде жұмыс істеп жатқанына 10 жыл уақыт болған. Өте тәжірибелі маман. Оқиға жайлы басқа ештеңе айта алмаймын. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр»,-деді Қайрат Сарқытов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні шағын орталықтың екінші қабатынан екі жасар бала құлап кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ал полицейлер аталған факті бойынша сот алды тергеу жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар