Ержүрек азаматтарға облыстық ТЖД басшылары Алғыс хаттар табыстап, құтқарушылардың бұл қадамы өзгелерге үлгі екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай Талдықорған қаласының 7-ші ықшам ауданында 30-шы қазанда орын алды. 20 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, қызыл жалын санаулы минуттарда ауыздықталды. Өрт сөндірушілердің мәлімдеуінше тілсіз жау электр желісінің тұйықталуынан болған.