А.Новаев өзінің қызметтік өкілдігін теріс пайдаланып, ерікті жалдау бойынша инспектор қызметіне жақын танысын жұмысқа алғаны, бұл адамның іс жүзінде сонда жұмыс істемегені анықталды.
Осылайша, қылмыстық жоспарға сәйкес, А.Новаев 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін ай сайын іс жүзінде бұл мекемеде жұмыс істемейтін қызметкердің есептелген жалақысын заңсыз түрде алып отырды.
Қылмыстық әрекеттер салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 3 млн теңгеге жуық қалал келтірілген.
Қазіргі кезде А.Новаев шартты түрде 3 жылға сотталды.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер шараларын қолданбау, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалуына жол бергені үшін ҚР Мемлекеттік фельдегерлік қызметі бастығының орынбасары А.Әбілқасымов және Мемлекеттік фельдегерлік қызметтің Талдықорған қаласындағы басқарма бастығының орынбасары Қырбасов тәртіптік жауапкершілікке тартылды.