Талдықорғанда футзалдан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталды
20:51, 15 Желтоқсан 2016
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда футзалдан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жартылай финалда Жетісу командасы Ақтөбе клубын 4 -1 есебімен жеңді. Осылайша, Талдықорғанда биылғы жылдың қыркүйек айында құрылған Жетісу клубы өз тарихында алғаш рет финалға шықты. Енді олар екі мәрте еуропа чемпионы атанған Алматының Қайратымен ел кубогын сарапқа салатын болады. Қайрат Қостанай облысының Аятынан басым түсті.
Шешуші ойын ертең жастар спорт сарайында, сағат 18 00 -де өтеді.