«Бүгін сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті әкімшілік ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Хабардан соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтер мен басқа да мамандар жіберілді. Олар ғимаратты толық тексерді», - делінген хабарламада.
Тексеру барысында хабар расталмады. Яғни ғимараттан мина табылған жоқ.
«Мина туралы қоңырау шалған азамат анықталды. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде болған. Азамат ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді», - дейді ведомстводан.
Сондай-ақ, ресми ақпаратта аталған факті бойынша тергеудің басталғаны айтылған.