Талдықорған қаласының полицейлері 29 жастағы ер азаматтың Астана қаласында жүргенін анықтап, қолға түсірген. Алматы облысына жеткізілген күдіктінің қымбат көліктерді саудалау бойынша 16 алаяқтық фактіге қатысы бар екені нақтыланып отыр.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше, жәбірленушілерге 20 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Олардың 10-ы Талдықорған қаласынан болса, 6 адам Алматы қаласынан. Басым бөлігі күдіктінің жақын таныстары болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.