Жаңа көпір 30 жылдан астам уақыт апаттық жағдайда болған ескі көпірдің орнына салынды. Бұл жұмыстар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңына негізделіп отыр. Атап айтқанда, көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 415,9 млн. теңге бөлінді.
Тұрғындарға пайдалануға берілген осы жаңа өткелдің жүк көтеру қауқарлығы күшейтілген, сондай-ақ автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, көлік және жаяу жүргіншілер жолақтары кеңейтіліп, көпір құрылысының тұрақтылығы артып отыр. Онда қауіпсіздік белгілері қарастырылған және өзен арнасының тірек тұғырлары мен көпір іргетасы кеңейтіліп, көпірге тоғысатын жолдарға жөндеу жасалды.