Талдықорғанда қатты жел соғады - ТЖД
16:07, 05 Мамыр 2020
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында 6 мамыр күні күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Дауылды ескертудің дөп келу ықтималдығы — 95-100 %, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ТЖД-ның мамандары тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.
«Қазгидромет» РМК-ның 2020 жылғы 5 мамырдағы дауылды ескертуі негізінде, 6 мамыр күні Алматы облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ға дейін дейін күшейеді. Талдықорған қаласында 6 мамыр күні күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Дауылды ескертудің дөп келу ықтималдығы — 95-100 %. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгерістерін қадағалауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады», - делінген Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.