Талдықорғанда əккі ұры ұсталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 50 жастағы ер адам Алматы облысы орталығында тіркелген бірнеше пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін.

Ұсталған азамат - Талдықорған қаласының тұрғыны.  Бұған дейін бірнеше рет түрлі қылмыс жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«50 жастағы ер адам биыл қаңтар айында қалада тіркелген 8 бөтеннің мүлкін ұрлау фактісіне қатысы  бар екені дәлелденді. Күдікті пәтерге немесе жеке үй-жайға заңсыз кіріп тон, теріден жасалған бас киімдерді, зергерлік бұйымдарды, ұялы телефон, яғни барлық бағалы деген заттарды ұрлаған. Олардың жартысын төмен бағада өткізіп немесе лақтырып отырған. Қазіргі уақытта жапа шеккен тұлғаларға келтірілген шығын көлемі 1,5 млн теңгені құрайды. Ұялы телефон және жекелей алтын бұйымдардың жартысы тәркіленіп, қылмыстық істің материалына заттай айғақ ретінде тігілген», - деп Талдықорған ҚІІБ Батыс қалалық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Тілепбаев.

Күдіктінің берген түсініктері бойынша ол 2015 жылы бас бостандығынан айыру орнынан босап шығып, тыныш өмір сүруге тырысқан. Бірақ соңғы уақыттағы есірткіге тәуелділігі оны ұрлық жасауға итермелепті.