«22 наурыз күні кешке Талдықорған қаласына қарасты Қызылтас саяжайы маңында жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кеткен. Оның автокөлігі өзеннің ағысымен төмен құлдилаған. Көлікте жүргізуші жалғыз болған»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД Баспасөз қызметінен.
Көліктен шығып, бірақ жағаға жетпестен суға бата бастаған жүргізушіге саяжайдың 1995 жылғы тұрғыны көмекке ұмтылған.
Оқиға куәгері Ержан Баяхметовтың айтуынша, ол жүргізушіні ес-түссіз күйде судан шығарған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.
«Адам өмірін құтқарғаны үшін Ержан Баяхметов марапатқа ұсынылады»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.