«Бізге жаңа ғана хабарлама келіп түсті. Баланың анасы табылды. Қазір ол ауруханада қызының жанында. Бүгін таңертеңгі сағат 9:00-дер шамасында болған осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қозғалып, соталды тергеу жүріп жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.
Айта кету керек, аталған жол-көлік оқиғасында үш автокөлік соқтығысты.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Талдықорғанда полиция көлік қағып кеткен қыз баланың ата-анасын іздестірген болатын. Баланың аты-жөні беймәлім еді. Сондай-ақ баланың мектеп сөмкесі мен киімдері әлеуметтік желіге жарияланды.