Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай көшесінің бойында көліктің өртеніп жатқандығы жөнінде 12:17 хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер 12:21- де оқиға орнына жетіп, 12:28 де тілсіз жауды толықтай ауыздықтаған. Болжам бойынша, қызыл жалын көліктің қозғалтқышынан шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Жалпы жыл басынан бері Алматы облысында 118 көлік отқа оранған. Барлығы 8 млн 215 мың теңгеге шығын келтірілген дейді ТЖД өкілдері.