Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оларға Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдік келтіріліп отыр.
Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды.
Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды»,-делінген Бас прокуратураның хабарламасында.