Талдықорғанда қойма өртеніп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда шина қоймасынан өрт шығып, жалын 150 шаршы метр ауданды шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 мамыр күні 10:00-де Талдықорғанда доңғалақ жөндеу шеберханасы мен шина сақталатын қоймадан өрт шықты. Жалын шамамен 150 шаршы метрді шарпыды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында 25 өрт сөндіруші және 6 арнаулы техника жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық қызметтер қосымша түрде үш су тасығыш техника бөлді.