Бұл аялдама әкімдік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан.
«Біләл Сүлеев көшесіндегі аялдамада өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Барлық шығындарды мердігер мекеменің өзі төлейтін болады. Себебі бұл аялдама әлі пайдалануға берілмеген», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта мұндай аялдаманың 9-ы салынған. Ал өртенген аялдама оныншысы еді, бірақ әлі қолданысқа берілмеген болатын.
«Тұтастай алғанда барлығы 20 жаңа алдама салынуы жоспарланып отыр», - деді Д.Жаныс.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Талдықорғанда 11 млн теңгенің аялдамасы жарты жылдан бері істемей тұрғанын хабарлаған болатынбыз.