Талдықорғанда Құрбан айтқа орай жолаушылар қалалық автобустарда тегін жүре алады
12:44, 15 Қазан 2013
ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Құрбан айт мерекесіне орай Талдықорған қаласында жолаушылар тасымалдайтын үш кәсіпорын басшылары қала тұрғындарына тосын сый жасады.
Бұл күні Талдықорған бойынша 26 автобус жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады. Кәсіпорын басшысының айтуынша, алғаш рет автобус жүргізушілері күні бойы жолаушыларды тегін тасымалдауға келісім берді.
Талдықорған әкімі Ермек Алпысов та тасымалдаушылардың бұл әрекетіне таң қалғанын жеткізді.
Әкімдік құрбандық шалынатын үш арнайы орынды белгілегенін атап өтейік. Сойылған малдың еті тұрмысы төмен отбасыларға берілетін болады, олардың тізімі жасақталып қойған.