Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы, кісі өлтіру және ҚР ҚК 287-бабы заңсыз қару сақтау мен тасымалдау деректері бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен бұрынғы әскери 12 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол өзінің жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде өтейтін болады.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 26 желтоқсанында әскери азамат өзінің қызметтесін ауласында 16 калибрлі шолақ мылтықпен оқ атып, басынан жаралаған болатын. 36 жастағы жаралы азаматты жолай өтіп бара жатқандар көріп жедел жәрдем шақырған. Көмек жеткенше майор өз ауласында көз жұмған.