Талдықорғанда мас бойжеткен туысқанына пышақ сұғып алған
00:43, 26 Қазан 2015
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған ауруханаларының біріне кеудесіне пышақ сұғылған 1978 жылғы ер адам жатқызылды.
Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақаттанған ер адаммен бірге 23 жастағы қыз да келген. Мас бойжеткен туысқанын жаралағанымен қоймай, ауруханадағы медицина қызметкерлерінің біріне қол жұмсаған.
Қазіргі кезде қызды Талдықорған қалалық ІІБ қамауға алды. күдіктіге қатысты бұзақылық және адам өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, жарақат алған ер адам оның жақын танысы болып шықты. Ал медбике ер адамды ауруханаға жеткізген кезде болған ұрыс-керіс барысында зардап шеккен.