«Қазіргі уақытта арнайы құрылған комиссия ішкі істер органдарынан оқиғаның барлық материалдарын талап етті және қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі туралы қосымша хабарланады», -деп жазылған Жетісу облысы соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, ҚазАқпарат агенттігі облыстық полиция департаментінен ақпарат сұрады. Олар бұл оқиға туралы еш мәлімет бере алмайтынын жеткізді.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та 15 шілде күні Талдықорғанда жол полициясының экипажы Toyota Camry 50 маркалы автокөлікті тоқтатқаны жазылған еді.
Онда мас күйінде көлік жүргізген Талдықорған қалалық сотының төрағасы Үмбетай Әбділла болғаны, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалғаны айтылған.
Іс алдымен Талдықорған қалалық прокуратурасына, содан кейін Бас прокуратураға берілген.