Қала әкімі Ғалымжан Райылұлы «Қала күні» мерекесіне орай, жыл сайынғы дәстүр бойынша қаланың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлесін қосқан азаматтарға, атап айтқанда Қазақстанның және Алматы облысының спорт саласына еңбегі сіңген азамат Рахымбек Төлендиевке, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Мәкен Нұрмұхамбетоваға, Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы директорының орынбасары Валерий Сапожниковке, зейнеткер Хабдулла Ибрайымхановқа , JLC сүт« ЖШС-ның директоры Ольга Богдановаға «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағын беріп, арнайы куәлігі мен төсбелгісін табыстады.
Осыдан кейін облыс әкімінің орынбасары Рустам Али қала тұрғындарын атаулы күнімен құттықтап, жетісулықтардың денсаулығын сақтау, коронавирусқа қарсы тұруға бағытталған шаралар туралы айтып өтті.
Құттықтауынан кейін Р. Али 16 медицина қызметкеріне пәтер кілттерін табыстады. Атап айтқанда, №1 қалалық емхананың онколог дәрігері мен жалпы тәжірибе дәрігері, №2 қалалық емхананың учаскелік педиатр дәрігері мен жалпы тәжірибе дәрігері, қалалық көпсалы аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері, ультра дыбыстық зерттеу дәрігері, травматолог-ортопед дәрігері, фтизиопульмонологиялық орталықтың госпитальді эпидемиологы, облыстық перинаталды орталықтың акушер-гинеколог дәрігері, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының педиатр-гематолог дәрігері, облыстық көпсалалы клиниканың патологоморфолог дәрігері, облыстық аурухананың реанимация бөлімшесінің меңгерушісі жаңа баспанаға ие болды.
Жыл соңына дейін медицина қызметкерлеріне тағы 48 үй беру жоспарланып отыр.
Осыдан кейін қала әкімі Ғ.Әбдірайымов Талдықорған қаласының Қала күні мерекесі аясында ұйымдастырылған түрлі байқауларда жеңімпаз атанған жастарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Қала күніне арналған салтанатты шараны қаланың өнер ұжымдарының орындауындағы шағын концерттік бағдарлама түйіндеді.