«Күдікті әйел көрші елдің азаматшасы. Ол Қазақстанға көктем айында келген. Маусымдық жұмыс іздеп келген келіншек мамыр айында босанған. Қыз баланы 400 мың теңгеге сатып жатқанда ұсталды», - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қазір адам саудасы бойынша ҚР ҚК 135-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Өз қызын сатпақ болған шетелдік азаматша қамауға алынды. Ал нәресте сәбилер үйіне тапсырылды.