Кездесу барысында өңір басшысы ардагердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан орасан үлесін, белсенді өмірлік ұстанымын ерекше атап өтті.
- Сіздің ерлігіңіз, айбынды қайратыңыз барлық жетісулықтар үшін әрдайым үлгі болып келеді. Барлығымыз да сіздерге еліктеп өстік. Облыс тұрғындарының атынан сізге ерекше құрмет білдіріп, Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын, - деді облыс әкімі.
Өз кезегінде ардагер Мемлекет басшысына, өңір әкіміне барлық ардагерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс сезімін білдірді.
Еске салсақ, Тоқтарбай Қанапиянов - І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Құрмет» ордені, 20-дан астам медаль, Президенттің алғысхаттары мен «Ақсу және Көксу аудандарының құрметті азаматы» атақтарының иегері, Облыстық Ардагерлер төралқасының мүшесі.