Радиологиялық-ақпараттық кешен онкологиялық ауруларды алғашқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Себебі бұл жерге заманауи компьютерлік серверлерге жасанды инттелект орнатылған. Орталық Алматы облысының 13 емдеу мекемесінің 70-тен астам қондырғыларымен тікелей жалғанған. Жасанды интеллект ол жердегі ақпаратты жедел саралап, рентген суретінен обырдың бар-жоғы, кезеңі туралы нақты ақпарат береді. Мәселен адамның көзі 2,5 мм-лік жараны көре алса, жасанды интелект 1 мм жараны анықтай алады. Жоба мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде жүзеге асты. Жаңа бағдарламаны Түркия елінің мамандары қазақстандық әріптестермен бірлесе құрастырған.
17:12, 24 Желтоқсан 2018
Талдықорғанда обырды ерте кезеңде анықтайтын орталық ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Елбасы Жолдауындағы онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау тапсырмасымен жағдаяттық орталық іске қосылды. Орталық - еліміздің денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған бірегей жоба, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.