Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекованың мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 304 бабы 1 тармағына яғни, «санитариялық қағидаларды бұзу немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Ал дәрігерлер науқастардың жалпы жағдайын орташа деп бағалауда. Нақты диагноз ертең дайын болады. Ал әзірге дәрігерлер алдын ала «гастроэнтерит» диагнозын қойған. Қазіргі таңда ауруханада жатқан 10 бала үйлеріне жіберілген. Енді олар емдерін амбулаториялық түрде жалғастыратын болады. Ал мектепте кешенді санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр.