Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған халықаралық жарысқа Франция, АҚШ, Германия және елімізден 250 адам қатысты. Олар hip-hop, all styles, Best show сынды бидің бірнеше түрлері бойынша өнерлерін ортаға салды.Үздік командалар іріктеліп, ақтық сынға жолдама алды. Байқаудың қорытындысына сәйкес show beginners аталымы бойынша 1 орынды Каманов Камиль (жүлде қоры 200 000 теңге), All styles номинациясында 1 орынды Virgil Lil'O Gadson (жүлде қоры 600 000 теңге) жеңіп алды. Popping номинациясында 1 орынға Kidboogie Mgf қол жеткізсе (жүлде қоры 130 000 теңге), дәл сондай сыйлықты Breaking номинациясында Черников Николай жеңіп алды. HIP-HOP professionals номинациясында 1 орынды Францияның бишісі Dossavi Markus (жүлде қоры 130 000 теңге), ал HIP-HOP beginners номинациясында Шакиров Адиль жеңімпаз атанды (жүлде қоры 30 000 теңге). Екі күнге жалғасқан фестиваль Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ және«FunkyТown» шығармашылық жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтті.
17:49, 21 Тамыз 2017
Талдықорғанда өткен би фестивалінде алматылықтар топ жарды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда өткен «Silk way -2017» би фестивалінде бас жүлдені Алматының JFK Рroject командасы жеңіп алды. Show professionals номинациясы бойынша өнер көрсеткен топқа 1 млн теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.