Талдықорғанда өзін атып өлтірді делінген тұрғынның денесі көлігінен табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған полицейлері кісі өлтіру дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

13 желтоқсанда Талдықорған қаласының Көктем шағынауданында Toyota Hilux Pick көлігінің ішінен 47 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

Болжам бойынша ер адам атыс қаруын қолданып, өзіне қол жұмсаған.

Дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Оның барысында бүкіл мән-жай анықталады» деп хабарлады полиция.