Іс материалына сәйкес, 1986 жылғы азаматша өз кінәсін мойындап отыр. Ол тұрғылықты жері мен баласын тамақтандыратын жағдайы болмағандықтан осындай шешім қабылдаған. Қазіргі таңда күдікті ҚР ҚК 135 бабы, 1-ші бөлігі яғни, кәмелетке толмаған баланы сату әрекеті бойынша айыпталуда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төрт айлық баласын 400 мың теңгеге сатпақ болған әйелдің ұсталғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.