Талдықорғанда салонында жолаушылары бар автобус өртенді

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда бағдарда жүрген автобус көк түтінге оранған. Аялдамаға тоқтай қалған автобустан жолаушылар шығып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу стадионы» аялдамасының жанында болған оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттың ішінде жетіп, лезде қоғамдық көлікті сөндіруге кіріскен. Ал тұрғындар Талдықорғандағы автобустардың тозығы жеткенін айтып сынға алуда.

Жалпы Алматы облысында бес айға толар-толмас уақыттың ішінде 71 көлік отқа оранған.

«Талдықорған қаласындағы «Транстал» ЖШС-на тиесілі Yaxina маркалы №25 бағдарлық автобустың мотор бөлігінің жанғандығы туралы куәгерлерден Алматы облыстық ТЖД-ның кезекші қызметіне хабарлама келіп түсті.

Бастапқы болжам бойынша көліктегі өрт мотор бөлігіндегі электр сымдардың қысқаша тұйықталуынан шығуы ықтимал», - деді Алматы облыстық ТЖД басқармасының аға инженері Гүлфара Әуелбекова.

Соңғы жаңалықтар