Қазір зардап шеккен қыз аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
«Аталған дерек бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 141 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында тергеудің жан-жақтылығы және толыққандылығы қамтамасыз етілетін болады. Қылмыстық істің тергеу жұмыстары облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.