Талдықорғанда студент баласын сатып, оқуының ақшасын төлеген

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына бір жанұя жас әйелден сәби сатып алғаны туралы жедел хабар келіп түскен.

Ақпаратты тексеру кезінде Талдықорған қаласындағы ЖОО-лардың бірінің студенті бір жылдық оқуының ақшасы сомасындағы қаржыға ерлі-зайыптыларға жаңа туған сәбиін сатқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 133 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.